Жарияланды: 610

ИҚҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-ші сессиясы аясында бірқатар кездесулер өтті

Ел Премьер-министрі Кәрім Мәсімов Ислам конференциясы ұйымы Сыртқы істер министрлері кеңесінің 38-ші сессиясының аясында бірқатар кездесулер өткізді.

Бұл туралы www.facebook.com:80/KMassimov блогында хабарланды. Үкімет басшысы 29 маусымда Ирак Республикасының Сыртқы істер министрі Хошияр Махмұд Зебаримен және Мысыр Араб Республикасының Ынтымақтастық және әлеуметтік әділдік министрі Гауда Әбдел-Халекпен кездесті. Кездесулер барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық саласындағы екіжақты қарым-қатынастарды дамыту мәселелері талқыланды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін