Ирак үкіметінің әскері АҚШ бастаған шетел коалициясының көмегімен ИМ содырларын олардың Ирактағы соңғы тірегі — Мосул қаласынан тықсырып шығармаққа тапынып жатыр.
Ирак Күрдістаны — автономиялы аудан ретінде 1992 жылы құрылған. 2003 жылы АҚШ Иракқа басып кіріп, Саддам Хусейн билігін құлатқан соң бұл аймақ қосымша мәртебе алған. Күрд жетекшілері тәуелсіздік алу идеясын ұзақ жыл бойы талқылағанымен, процеске жергілікті саяси партиялар арасындағы жанжалдар кедергі бола берген.