Иракта содырлар тарихи ескерткіштерді қиратты - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Иракта содырлар  тарихи ескерткіштерді қиратты

Иракта содырлар тарихи ескерткіштерді қиратты

Иракта содырлар құнды жәдігерлердің көзін жойды. «Ирак пен Шамдағы ислам мемлекеті» деген атпен белгілі лаңкестер тобы мыңдаған жалдардан бері сақталған тарихи ескерткіштерді бас-көз демей қиратып жатыр.

  • 28 Ақпан 2015
  • 219
Фото - Caravan.kz

Мосул қаласының мұражайындағы бұл ескерткіштер біздің дәуірімізге дейінгі 7-ші ғасырларға тиесілі. Арасында адам бейнесіндегі мүсіндерден бастап сәулет өнерінің басқа да озық үлгілері бар. Алайда бұл біздің қағидамызға қайшы келеді деген жендеттер ескерткіштердің дымын қалдырмаған. Қолдарына балға-темір ұстап бәрінің күл-талқанын шығарды. Айта кетсек, «Ирак пен Шамдағы ислам мемлекетінің» содырлары Мосулды былтыр жазда басып алған. Ол кезде бұлар шаһардағы орталық кітапхананы жарып, 100 мыңдай кітапты өртеп жіберген болатын.