Иран 2015 жылы ЕАЭО-пен келісімшарт жасасуға ниетті - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Иран 2015 жылы ЕАЭО-пен келісімшарт жасасуға ниетті

Иран 2015 жылы ЕАЭО-пен келісімшарт жасасуға ниетті

 Иран 2015 жылы Еуразиялық экономикалық одақпен (ЕАЭО) ынтымақтастық туралы келісімшартқа немесе меморандумға қол қойып, бұл мүмкіндікті Ресейге өзінің тауарларын экспорттауда пайдалануға ниетті, деп мәлім етті Мәскеуде «РИА Новости»-ге берген сұхбатында Иран елшісі Мехди Санаи.

  • 27 Қаңтар 2015
  • 468
Фото - Caravan.kz

«2015 жылы Иран ЕАЭО-мен экономикалық байланыс орнатуы үшін осы бағытта жұмыс жасауы қажет деп ойлаймын. Бұл бойынша тиісті шаруалар атқарып жатырмыз, Иран бұл мүмкіндікті Ресейге және өзге елдерге тауар экспорттауда пайдалануға ниетті. Мүмкін өзара түсіністік туралы келісімшарт немесе меморандум жасасу керек шығар», — деді М.Санаи.

Оның сөзіне қарағанда, Иран мен Ресей арасындағы толыққанды ынтымақтастыққа ирандық тауарлар үшін салынатын кедендік салық көлемінің ауқымды болуы бөгет болуда.

«Иран өз тауарларын Ресейге тарифтік жеңілдіктер қарастырылған өзге республикалар арқылы емес, тікелей жібереді. Мұндағы тарифтер Иран үшін тым көлемді. Ирандық бизнесмендер үнемі бізден осы тарифтерді төмендетуге көмектесуімізді сұрайды, олар Ресейдің Армения, Әзербайжан және Қазақстанмен қарым-қатынасын мысал ретінде келтіреді», — деп нақтылады елші.