Иран Eni-мен арада мұнай секторына әлуетті инвестиция құю жайын талқылауда - kaz.caravan.kz
  • $ 470.46
  • 543.1
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Иран Eni-мен арада мұнай секторына әлуетті инвестиция құю жайын талқылауда

Иран Eni-мен арада мұнай секторына әлуетті инвестиция құю жайын талқылауда

Eni итальяндық ірі мұнай компаниясының басшысы Паоло Скарони Венада Иранның мұнай өнеркәсібі министрі Биджан Намдар Занганмен кездесті, деп жазады Financial Times газеті, онда елдегі әлуетті мұнай жобалары талқыланған болатын.

  • 6 Желтоқсан 2013
  • 451
Фото - Caravan.kz

Бұл елге қарсы АҚШ пен Еуродақ енгізген санкцияларға орай батыстық компаниялар Иранға инвестициялай алмаған, алайда өткен айда "алтылық" пен Иран арасында иран ядролық мәселесі бойынша қол жеткізілген алдын-ала келісімнен кейін санкциялар алынып тасталар, инвесторларға мұнайдың иран резервтеріне жол ашылатын болар, деген үміт бар.

"Біз көп жылдар бойы жоспарланып келген, санкцияларға дейін көзделген нақты бір жобаларды талқыладық", деді П.Скарони.

П.Скаронидің айтуынша, әңгіме Ирандағы жаңа жобалар туралы болған, яғни өндіріске инвестиция құю көзделіп отыр.


Иран мен "алтылық" арасындағы келісімдерге орай алдағы жарты жылда Иран өзінің ядролық бағдарламасын "тоқтатып", Аракта реактор салуын тежемек. Батыс елдері болса Тегеранға қатысты бірқатар экономикалық санкцияларды алып тастамақ.