Иран парламенті ел орталығын Тегераннан көшіру мәселесін талқылап жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
10 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Иран парламенті ел орталығын Тегераннан көшіру мәселесін талқылап жатыр

Иран парламенті ел орталығын Тегераннан көшіру мәселесін талқылап жатыр

Иран парламенті ел астанасын Тегераннан басқа қалаға көшіру туралы ұсынысты талқылап жатыр.

  • 24 Желтоқсан 2013
  • 237
Фото - Caravan.kz

АП агенттігінің хабарлауынша, депутаттар бұл бастаманы қолдаған жағдайда үкімет арнайы комиссия құруы тиіс. Комиссия екі жыл ішінде жаңа астана болатын қаланы таңдайды.

Әзірге астана болуға лайықты деген үміткер-қалалардың аты аталған жоқ.

Ел орталығын басқа қалаға көшіру мәселесі соңғы кезде Тегеран халықының көбеюіне байланысты туындаған қиындықтар түрткі болған. Олардың қатарында экологияның ластануы, көлік кептелістері мен қылмыс санының артуы сынды проблемалар бар.