Иран парламенті жаңа үкіметті бекітуге кірісті - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Иран парламенті жаңа үкіметті бекітуге кірісті

Иран парламенті жаңа үкіметті бекітуге кірісті

Иран парламенті елдің жаңа президенті Хасан Рухани бұдан бір апта бұрын өзінің командасын ұсынған үкімет құрамын қарауға және бекітуге кірісті, деп хабарлады РБК.

  • 13 Тамыз 2013
  • 312
Фото - Caravan.kz

Депутаттар екі-үш күн ішінде 18 кандидатураның әрқайсысын талқылауы тиіс, деп хабарлады Euronews.

Х.Рухани өзінен бұрынғы Махмұд Ахмадинежадтың командасынан бірде-бір адамды қалдырған жоқ. Жаңа министрлердің көпшілігі «біртоға прагматиктер» деп саналады, мемлекет басшысы оларға өзінің «біртоға нормаға келтіру» жоспарларын жүзеге асыруда үлкен үміт артып отыр.

Сонымен бірге сарапшылар консервативтік парламентте бекіту кезінде проблемалар туындамас үшін кабинетке әсіре реформаторлар енбейді деп санайды. Х.Руханидің командасына Иран тарихында тұңғыш рет әйел кірді, вице-президент қызметіне тағайындалған профессор Эльхам Аминзаде құқықтық мәселелермен айналысатын болады.