Иран президенті Душанбеде өтетін ШЫҰ саммитіне қатысатынын растады - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Иран президенті Душанбеде өтетін ШЫҰ саммитіне қатысатынын растады

Иран президенті Душанбеде өтетін ШЫҰ саммитіне қатысатынын растады

Душанбе. 4 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Иран Ислам Республикасының президенті Махмуд Ахмадинежад өзінің Душанбеде өтетін Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттердің саммитіне қатысатынын растады. Бұл туралы Иран басшысы Тәжікстан Республикасының сыртқы істер министрі Хамрохон Зарифиге оның Иранға жасаған ресми сапары барысында мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Азия-Плюс" ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

  • 4 Тамыз 2008
  • 341
Фото - Caravan.kz

Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, кездесуде екіжақты ынтымақтастық және екі елдің халықаралық ұйымдар аясында өзара ықпалдасуы, сондай-ақ, қауіпсіздік мәселелері талқыланды.

Әңгіме барысында Иран президенті Тәжікстан басшылығына қолдағаны үшін ризашылығын білдіріп, 28 тамызда Душанбе қаласында өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің кездесуіне бақылаушы ретінде және ШЫҰ саммитінен кейін болатын Тәжікстан, Иран және Ауғанстан елдерінің мемлекет басшыларының кездесуіне қатысатынын растады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті