Жарияланды: 410

Иран Қырғызстанға Парсы шығанағындағы екі айлаққа шығу мүмкіндігін қамтамасыз етеді

Бішкек. 13 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Иран Қырғызстанға Парсы шығанағындағы екі айлаққа шығу мүмкіндігін қамтамасыз етеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осындпай ниетті Иранның транспорт және жол қатынастары министрінің орынбасары, кеме қатынасы мен айлақтары ұйымының атқарушы директоры Али Тахери Мотлаг Қырғызстанның Иран Ислам республикасындағы елшісі Медеткан Шеримкуловпен кездесуде ортаға салды. Иран осы мақсатта Қырғызстанға екі учаске ұсынып отыр. Екі учаскені пайдалану және жалға алу жайттары А.Мотлагтың таяудағы Бішкекке сапары кезінде қаралады. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін