Иран сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зариф Иран ядролық мәселесі бойынша әлемдік державалармен келісссөздерде делегацияға басшылық етеді, деп хабарлады сейсенбіде ирандық дипломатиялық дереккөзге сілтеме жасай отырып АП агенттігі.
Сол арқылы Иран келіссөздердің мәртебесін арттырмақ, өйткені келіссөздерге министр дәрежесіндегі шенеунік қатысады.
Иранда шілдеде өткен президенттік сайлауға дейін делагацияға Иран Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Саид Джалили жетекшілік еткен болатын.