Жарияланды: 660

Иран үшін Каспий мәселесін шешудің жалғыз жолы - келіссөздер жүргізу - Иран сыртқы істер министрі

"Иран үшін Каспий мәселесін шешудің жалғыз жолы - келіссөздер жүргізу". Бұл туралы бүгін, 12-мамырда Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуден кейін Иран ислам республикасының сыртқы істер министрі Камаль Харрази мәлімдеді.

К.Харразидің пікірінше, Каспийді қоршаған мемлекеттердің сарапшылары "мемлекет басшыларының кездесуіне түрткі болатындай жақсы себеп-сылтауды" тауып дайындауы керек. Каспийдің құқықтық мәртебесін айқындау мәселесі "таяу уақыттарда" шешіліп қалар дегенге сенім білдірген Иран сыртқы істер министрі "ортақ теңізге байланысты туындаған тауқымет әділетті шешімін табатынына" үміт артады. Сонымен бірге, К.Харразидің журналистерге хабарлауынша, Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу барысында қауіпсіздікке, Ауғанстан және Ирактағы ахуалға, энергетика және экономика саласындағы ынтымақтастықтың болашағына байланысты мәселелер талқыланған көрінеді. Осы орайда министр барлық салада жан-жақты ынтымақтастықты жолға қойған Қазақстан мен Иран арасында ешбір қарама-қайшылықтың жоқтығын, екі ел арасында толыққанды әрі риясыз түсіністік қалыптасқанын ерекше атап көрсетті. Оның айтуынша Иран үшін Қазақстанмен екі арадағы ынтымақтастықты дамытудың маңызы айрықша зор.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть