— Ендеше, Елбасының тапсырмасын орындамаған әкімдерді неге жұмыстан қуып шықпадыңдар?
Премьердің ашуын туғызғаны аудан әкімдерінің мал шаруашылығын мандыта алмауы. Ірі қараның, дәлірек айтқанда асыл тұқымды сиыр санын көбейтуге құлықсыздық танытқан. Сөйтіп жарнамасы жер жарған мемлекеттік бағдарламаның орындалауын тығырыққа тіреп отыр. Осының кесірінен, биыл сыртқа экспортталуы тиіс мыңдаған тонна ет пен мал басы әжептәуір қысқартылуы мүмкін. Әсіресе, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Оңтүстік пен Шығыс Қазақстан облыстарындағы 10 әкім маңызды іске шекесінен қараған. Бұл жайында бүгін Үкіметте Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков айтқан еді. Таяқтың ұшы өзіне де тиді.
Серік Ахметов, ҚР Премьер-министрі:
-Неге министр ретінде, ол шенеуніктерге талап қоймайсыз? Енді облыс әкімдеріне айтарым бар. Мал шаруашылығын дамыта алмаған, көрсеткіштері төмен аудан әкімдерін неге қызметтен алмадыңдар? Мен Елбасыға тиісті хат жазамын.