Жарияланды: 370

Иркутскіде ТМД-ның Кеден қызметтері басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтті

Бейсенбі күні Ресейдің Иркутск қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдердің Кеден қызметтері басшылары кеңесінің 53-ші отырысы өтті.

Бұл туралы ТМД Атқарушы комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады. Кеңес жұмысына Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Украинаның кеден қызметтері мен ТМД Атқарушы комитетінің делегациялары қатысты. ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы - ТМД Атқарушы хатшысы Сергей Лебедев Достастықтың 20 жылдық тарихына тоқталып, оның басымдықты ықпалдастық бағыттарына назар аударды және Кеден қызметі басшылары кеңесінің осы іске қомақты үлес қосып отырғанын атап көрсетті. Кеңес барысында Кедендік қызметтердің байланыс жөніндегі бөлімдерінің 2015 жылға дейінгі кезеңдегі өзара іс-қимылдарының тұжырымдамасы талқыланды және Достастықтың салалық көрмесіне «Кеден қызметі» халықаралық көрмесінің мәртебесін беру туралы Ресей тарапының ұсынысына қолдау білдірілді. Басқа да мәселелер қаралып, олар бойынша шешімдер қабылданды. Сондай-ақ Достастықтың құрылуының 20 жылдығына орай марапаттау рәсімі өтті. ТМД-ның кеден қызметтерінің басшылары «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің кедендік ынтымақтастығын нығайтқаны үшін» төсбелгілерімен марапатталды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін