Ішімдік ішкен 130 жасөспірім ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ішімдік ішкен 130 жасөспірім ұсталды

Ішімдік ішкен 130 жасөспірім ұсталды

ҚР Ішкі істер министрінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз «Жасөспірім» жедел алдын алу іс-шарасының қорытындысын жариялады.

  • 20 Қыркүйек 2021
  • 13
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

«13-19 қыркүйек аралығында елімізде «Жасөспірім» жедел алдын алу іс-шарасы өткізілді. Оның мақсаты – жасөспірімдер қылмысының жолын кесу, бала құқығын қорғау саласындағы құқық бұзушылықты анықтау, олардың құқықтық сауатын арттыру, сонымен қатар оларға қатысты қылмыстық озбырлықтың алдын алу», — деді ресми өкіл ІІМ баспасөз қызметі алаңында өткен брифингте.

Оның атап өтуінше, іс-шараға полиция қызметкерлерінен бөлек білім беру, денсаулық сақтау, жергілікті атқарушы органдар, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері жұмылдырылған.

«Апта ішінде операция барысында түнгі уақытта ата-анасынсыз далада жүрген 4,6 мың жасөспірім анықталды. Жасөпірім бұзақылығының 26,-тан астам фактісі әшкереленді. шамамен 130 жасөспірім алкоголь ішкені және мас күйде жүргені үшін ұсталды.Бейімдеу орталығына қадағалаусыз және қорғансыз жүрген 260-тан астам жасөспірім орналастырылды», — деді Нұрділдә Ораз.