Жарияланды: 1200

Ішкі әскер сарбаздарының киім үлгісі 20 жылда алғаш рет ауысты

Ұлттық ұланның қызметтік киімі ауысты. Елдің ішкі тәртібіне жауапты сақшылардың стилі 20 жылда алғаш рет ауысып отыр. Сарбаздардың жаңа киім үлгісі тура еуропалық сақшылардың қызметтік формасына ұқсайды. ЭКСПО кезінде дәл осы ұландықтар шетелдік қонақтарға қызмет ететіндіктен жаңа киімдер алғаш болып астаналық сарбаздарға таратылыпты.

Жаңа қызметтік киімдерді Астанадағы 5573 әскери бөлімінің сарбаздары алғаш болып киді. Енді олар тура еуропалық әріптестері сынды соңғы үлгіде киінеді. Ұлттық ұланның жігіттері қолдарына тиген жаңа форманы жоғары бағалап отыр. Айтуларынша, жеңіл әрі ыңғайлы.

Әлішер Қабалов, 5573 әскери бөлімінің сарбазы:

- Мына форманың түсі де  өзгеше, кішкене көзге жағымды. Матасы да жұқа, киюге де ыңғайлы. Қызметке асыққан кезде тез киюге болады. Ана формамыз кішкене қалыңдау болатын. 06.32.22. Тәртіп бұзушылардың артынан қуалаған кезде осы киім өзінің үлесін қосады деп сенеміз. Ыңғайлы, жүгіруге де.

Жаңа форманы қарағандылық және семейлік шеберлер тігіпті. Дизайнерлер ол үшін екі жыл еңбектенген. Алты маман ұландықтарға арналған киімнің матасын, түсін және үлгісін таңдаған. Әр киімге 25 мың теңге жұмсалыпты. Алғашқы 2 мың форма ең алдымен Астанадағы 5573 әскери бөліміне таратылған.

Азамат Жұмағалиев, 5573 әскери бөлімінің батальон командирі:

- Мынаған қарағанда жеңіл, мысалы, қылмыскерлерді ұстағанда, жүгірген кезде жеңіл. Және «ұлттық ұлан» деген жазу бар. Бұрын ішкі әскер еді. Келе жатқан ЭКСПО-ға дайындалып, осындай форма беріп жатқанына, жағдай жасап жатқанына қуаныштымын.

Осылайша ұландықтар 20 жылдық келбеттерін бірден түбегейлі өзгертті. Сарбаздар сыртқы киімдерімен қоса қоғамдағы адамдардың да көзқарасы жақсарады деп сенеді. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін