Жақында депутаттар өздері қабылдап жіберген атышулы «Жол қозғалысы ережелері» туралы заңға қайта қарсы шығып, автоорындықты орнатуды кемі 1 жылға шегере тұруды ұсынған еді. Тіпті қателіктерін кеш түсінген халық қалаулылары арнайы орындыққа баланы 12 емес, 6 жасқа дейін отырғызуды өтінген еді. Алайда Ішкі істер министрлігі 7 қаңтарда күшіне еніп кеткен заңды өзгертуге үзілді-кесілді қарсы шығып отыр. Тек автоорындығы жоқ жүргізушілерді жазаламай қоя тұруға уәде етуде. Алайда онысы да орындалып жатқан жоқ.