Жарияланды: 460

Ислам Даму банкі басқармаларының жыл сайынғы отырысы Алматыда өтеді

Ислам Даму банкі (ИДБ) басқармаларының жыл сайынғы отырысы қыркүйектің 2-3 аралығында Алматыда өтеді . Бұл туралы бүгін, 10-маусымда "Қазинвест" ЖАҚ-ның президенті Асқар Баталов KZ-today тілшісіне хабарлады.

Отырыста банк іс-қызметі туралы жылдық есеп талқыланып, банкті одан әрі дамыту мәселесі сарапқа салынады деп күтілуде. Ислам Даму банкі - Исламды пір тұтатын 54 мемлекеттің өкілдерін құрылтайшылар қатарына қамтыған ірі халықаралық қаржы институты болып саналады. Банк шариғат қағидаларына бағынады. Ал онда бауырмалдық-қайырымдылық қасиеттерді дамыта отырып өзара сауда-саттықты нығайту қорғалатыны мәлім. Қазақстан Ислам Даму банкіне 1994-жылы мүшелікке өткен. Ислам Даму Банкінің тобына банктің тікелей өзімен қатар, ИДБ Инвестициялық қоры, Исламдық банктердің инвестиция және даму жөніндегі Портфелі, Шетелдік инвестициялар мен экспорттық несиені қамсыздандыру жөніндегі Ислам корпорациясы , ИДБ-нің инфрақұрылымдық қоры мен жеке меншік секторды дамыту жөніндегі Исламдық корпорациясы тәрізді институттар қамтылады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть