Ислам Даму банкі Батыс Еуропа - Батыс Қытай транспорттық коридорын қаржыландыруға қызығушылық танытуда - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ислам Даму банкі Батыс Еуропа - Батыс Қытай транспорттық коридорын қаржыландыруға қызығушылық танытуда

Ислам Даму банкі Батыс Еуропа - Батыс Қытай транспорттық коридорын қаржыландыруға қызығушылық танытуда

Астана. 4-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Ислам Даму банкі Батыс Еуропа - Батыс Қытай транспорттық коридорының Ташкент - Шымкент - Тараз - Қордай автожолын қаржыландыруға қызығушылық танытты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 4 Желтоқсан 2007
  • 444
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Көлік және коммуникация министрлігі басшылығының Қазақстандағы Ислам Даму банкі өкілдігімен кездесуі барысында экономикалық дамудың басты үрдістері саланың тиісті құрылымдарымен бірге даму басымдықтары және Ислам Даму банкінің 2008 — 2010 жылдарға арналған үшжылдық жұмыс бағдарламасының даму мәселелері талқыланды, сондай-ақ, Ислам Даму банкінің үшжылдық жұмыс бағдарламасына енгізу жоспарланып отырған жобалық ұсыныстар қарастырылды».

«Кездесу Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация вице-министрі Дулат Көтербековтің төрағалығымен өтті. Ислам Даму банкінің өкілдігі атынан делегацияны Ислам Даму банкінің мемлекеттік операциялар бойынша 1-департаменттің директоры Юсуф Хан басқарды», — деп түсініктеме берді министрліктегілер.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті