Жарияланды: 710

Ислам даму банкі мен "Қазинвест" ЖАҚ бірлесіп Қазақстандық компаниялардың қаржы мамандарын қайта дайындау жөніндегі орталық құрмақ

Ислам даму банкі мен "Қазинвест" ЖАҚ бірлесіп Қазақстандық компаниялардың қаржы мамандарын қайта дайындау жөніндегі орталық құрмақ. Бұл туралы бүгін, 10-маусымда "Қазинвест" ЖАҚ-ның президенті Асқар Баталов KZ-today тілшісіне хабарлады.

А.Баталовтың айтуынша, "Қазинвест" Қазақстанның инвестициялық беделін арттыруға едәуір үлес қосқаны белгілі. Алайда соңғы уақытта бұл компания бұрындары шетелдік инвестиция тартумен айналысып көрмеген отандық кәсіпорындар арасында стандартқа сәйкес сауатты бизнес-жоспар жасай алмайтын , жобаның нақты есептелген экономикалық көрсеткіштері келтірілген техника-экономикалық негіздемесін инвесторға түсінікті жаттық тілде жазып бере алмайтын олқылықпен жиі ұшыраса бастапты. А.Баталовтың пікірінше, мұндай техника-экономикалық негіздемедегі сандық көрсеткіштер ойдан құрастырылады, сауатты, салмақты жобалар өте сирек . Соған қарамастан "Қазинвест" орталығы республикамыздың барша аймақ-өңірлері мен экономиканың барлық саласында жұмыс істейтін Қазақстандық компаниялардан келіп түскен 450-ден астам ұсыныстар шоғырландырылған инвестициялық жобалардың мәліметтер базасын құрған. Алайда кәсіпорындардың басым бөлігі бизнес-жоспарлар дайындайтын кәсіби маманның қызметін сатып алуға да қауқарсыз. Сол себепті кәсіпорындарға арнап мамандар дайындап беру жолы таңдап алыныпты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть