Абу-Дабиде қазақ әдебиеті мен мәдени мұрасы таныстырылды  - kaz.caravan.kz
  • $ 446.56
  • 512.34
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Абу-Дабиде қазақ әдебиеті мен мәдени мұрасы таныстырылды 

Абу-Дабиде қазақ әдебиеті мен мәдени мұрасы таныстырылды 

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. Қазақстан әлемдегі әдеби және мәдени жиындардың бірі санал

  • 21 Қыркүйек
  • 1
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстан әлемдегі әдеби және мәдени жиындардың бірі саналатын Абу-Дабидегі 35-ші халықаралық кітап көрмесіне қатысты.

Биыл көрмеге 95 елден 1200-ге жуық қатысушы жиналды. Бағдарлама аясында мәдени, әдеби және білім беру іс-шаралары өтіп, биылғы көрме «Парақта да, әлемді оқы» ұранымен ұйымдастырылды.

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Қазақстандық стендте отандық қаламгерлердің шығармалары, қазіргі қазақ әдебиеті, балалар мен жасөспірімдерге арналған басылымдар, ұлттық мәдени мұра туралы кітаптар және қазақстандық баспалардың жобалары таныстырылды.

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Көрме аясында Қазақстан өкілдері шетелдік баспалармен, әдеби агенттіктермен және мәдени ұйымдармен бірқатар кездесу өткізді. Тараптар қазақ әдебиетін шет тілдеріне аудару, авторлық және баспа құқықтарын халықаралық нарықта ілгерілету, сондай-ақ ортақ әдеби-мәдени жобаларды қолға алу мәселелерін талқылады.

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Айта кетейік, көрмедегі Қазақстан бағдарламасы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен, Қазақстанның БАӘ-дегі Елшілігі және Nomad мәдениет қорымен бірлесіп ұйымдастырылды.