«Исламға жат» деп танылған Зиданның ескерткіші алынып тасталды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.11
  • 545.58
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
14 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Исламға жат» деп танылған Зиданның ескерткіші алынып тасталды

«Исламға жат» деп танылған Зиданның ескерткіші алынып тасталды

Катар Үкіметі әйгілі футболшы Зинедин Зиданның ескерткішін ел астанасындағы көшелердің бірінен алып тастауға шешім қабылдады. Онда 2006 жылғы Әлем чемпионатының финалдық ойынында орын алған сәт - француздың басымен итальяндық қорғаушы Марко Матераццидің кеудесінен соғып жатқаны бейнелеген, деп хабарлайды РБК.

  • 30 Қазан 2013
  • 306
Фото - Caravan.kz


Бес метрлік ескерткіш Доха жағалауында бір айға жуық уақыт бұрын ғана ашылған және бірден катарлықтардың наразылығын тудырды.

Олардың пікірінше, мүсін спорттық этикаға және ислам қағидаларына қарама-қайшы келеді. Енді ескерткіш Заманауи өнер мұражайына көшіріледі.