Испания королі VI Фелипе парламентті тарату және 26 маусымда жаңа сайлауды өткізу туралы жарлыққа қол қойды. Бұған желтоқсанда тағайындалған депутаттардың жаңа премьер-министрдің кандидатурасы бойынша бір пәтуаға келмеуі себеп болды.
Конституцияға сәйкес король премьер-министрдің кандидатурасын ұсынады және парламентті тарата алады. Ол 2 мамырда жаңа үкіметті тағайындау мерзімі аяқталған соң парламент спикері Пачи Лопестің қатысуымен тиісті құжатқа қол қойды.
"Келесі парламент бұдан сабақ алып, үкімет мәселесі бойынша тезірек шешім қабылдайды деп үміттенеміз", — деді Лопес баспасөз мәслихатында.
Испания осыған дейін сайлауды екі рет өткізбеген.