Жарияланды: 780

Испанияда өткен халықаралық жарыста Атырау облысының Құлсары қаласының тұрғыны жеңімпаз атанды

Атырау. 19 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Испанияның Лорет де Мар қаласында өткен І Халықаралық ән және би фестивалына Атырау облысының Құлсары қаласының тұрғыны Гүлбарам Тастемірова қатысып, жеңімпаз атанды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Атырау облысының "Прикаспийская коммуна" газетіне сілтеме жасай отырып.

Газеттің хабарлауынша, бастапқы шығармашылық жарысқа Ресей, Украина, Қазақстан және Испанияның 21 ұжымынан 250 дарын иесі қатысқан. Ауқымды бәйгеде қобыз тартқан Атырау облысының Құлсары қаласында тұратын қыз "Орындау шеберлігі және ұлттық өнерді насихаттағаны үшін" номинациясында жеңімпаз атанды. "Гүлбарам Тастемірова Құлсары қаласындағы орта мектепті бітірген. Қазіргі уақытта Ахмет Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінің үшінші курсында оқып жатыр. Болашақта Астанадағы музыкалық академияға түсуді көздеп отыр", - деп жазады газет. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін