Жарияланды: 500

"Испат-Кармет" ААҚ-ның мерзімінен бұрын зейнет демалысына шығу жөніндегі ұсынысын 69 адам қабыл алды

"Испат-Кармет" ААҚ-ның мерзімінен бұрын зейнет демалысына шығу жөніндегі ұсынысын 69 адам қабыл алды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

Осыдан 1 ай бұрын "Испат-Кармет" ААҚ-ның басшылығы зейнет жасына жеткен және сол қарсаңдағы шахтерларға өз еркімен зейнет демалысына шығуды ұсынған болатын. Мұндай құқықты департаментте жұмыс істейтін 26 мың қызметкердің 1229-ы пайдалана алады. Зейнет демалысына мерзімінен шығуға бұрын келіскен адамдарға айлық жалақысының үштен бір бөлігін көмір департаменті жүйесінде жұмыс істеген жылына көбейткендей мөлшерде ақшалай өтемақы ұсынылған. Көмір департаментінен хабарлағанындай, зейнет демалысына шығуға арыз бергендердің арасында жоғары кәсіби мамандар көп болуына байланысты ақырғы шешімді "Испат-Кармет" ААҚ-ның басшылығы қабылдайды .

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін