Ит қылмыскерді талап, иесін құтқарып қалды (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ит қылмыскерді талап, иесін құтқарып қалды (ВИДЕО)

Ит қылмыскерді талап, иесін құтқарып қалды (ВИДЕО)

Интернетте иесін тонамақшы болған ұрыға бас салған ит жайлы бейнетаспа көпшіліктің назарына ілікті. Ролик иттің иесі жұмыс істейтін америкалық Мэн штатындағы жанар-жағар май бекеттерінің бірінде түсірілген. 

  • 20 Ақпан 2015
  • 238
Фото - Caravan.kz

Қарақшы қорыққанынан қашып кеткен, ол әлі де іздестірілуде, деп хабарлады  Mirror.

Ит өзінің иесіне қаскүнем қару кезеп, қорқыта бастаған сәтте бас салды. Бекет иесі тонаушыны аяусыз талап тастайтын болған соң итін ажыратуға тырысқан.

Қылмыскер ақшаны ұмытып, бас сауғалай қашқан. Оны полиция іздестіруде. Иттің «ерлігін» бірнеше күнде 628 мыңнан  астам адам тамашалаған.