Италия Тәжікстандағы шағын су электр станцияларының құрылысына қызығушылық танытып отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Италия Тәжікстандағы шағын су электр станцияларының құрылысына қызығушылық танытып отыр

Италия Тәжікстандағы шағын су электр станцияларының құрылысына қызығушылық танытып отыр

Душанбе. 2 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Италия Тәжікстандағы шағын су электр станцияларының құрылысына қызығушылық танытып отыр, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Азия-Плюс" ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып.

  • 2 Шiлде 2008
  • 398
Фото - Caravan.kz

Хабарламада көрсетілгендей, Тәжікстан мен Италияның Сыртқы сауда институты арасындағы ынтымақтастық мәселелері Тәжікстанның Сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасының бірінші орынбасары Одил Санговтың Италияның Тәжікстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Джованни Ричуллимен және Сауда алмасуды дамыту бөлімінің директоры Пьер Луиджи Хойшпен кездесуде талқыланды.

Кездесуде гидроэнергетика, тау-кен саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Италия өкілдерін бағалы металдар мен жартылай бағалы тастардың кен орындарын игеруге қатысу мүмкіндігі, сондай-ақ, Италия бизнесінің энергетика нысандарын, әсіресе, шағын су электр станцияларын салуға қатысу мүмкіндігі ерекше қызықтырды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті