Жарияланды: 490

Италия үкімет басшысы Берлускони 2004-жылдың бірінші тоқсанында елімізге ресми сапармен келеді

2004-жылдың қаңтар-наурыз айларында Италия үкімет басшысы Сильвио Берлускони ресми сапармен Қазақстанға келеді. Бүгін, 20-қарашада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Италия үкімет басшысы арасында болған телефон сұхбаты кезінде осындай келісім жасалды.

KZ-today тілшісіне ҚР президенті әкімшілігінің баспасөз қызметінен хабарлауынша, телефон арқылы өрбіген әңгіме барысында екі жақты қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы мен болашағы туралы талқыланды. Тараптар екі ел арасындағы сауда айналымының өсу қарқынына қанағаттанарлық баға бере отырып, осы орайда "Эни" компаниясының Қашаған кенішіндегі табысты іс-қызметіне тоқталды. Қазақстандағы экономикалық жобаларды жүзеге асыруға Италиялық компаниялардың қатысу аясы кеңейтіле түсуі тиіс деген ортақ пікір айтылып, бұл орайда еліміздің мүддесі де ескерілуі керектігі сөз болды. Сондай-ақ, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Италия үкімет басшысы халықаралық ынтымақтастық мәселесін сарапқа салды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін