Италия жағы Қашағанға қатысты ахуал достық келісім жолымен шешіледі, деген үмітте - Проди - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Италия жағы Қашағанға қатысты ахуал достық келісім жолымен шешіледі, деген үмітте - Проди

Италия жағы Қашағанға қатысты ахуал достық келісім жолымен шешіледі, деген үмітте - Проди

Астана. 8-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Италия жағы Қашағанға қатысты ахуал достық келісім жолымен шешіледі, деген үмітте. Бұл туралы бүгін Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен жүргізілген келіссөздерден кейін өткен баспасөз мәслихатында Италияның премьер-министрі Романо Проди мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 8 Қазан 2007
  • 467
Фото - Caravan.kz

«Қазіргі уақытқа дейін жемісті ынтымақтастық орнаған, біз оны жалғастырғымыз келеді, және де қазіргі проблемалар достастық пен ынтымақтастыққа ұласады, деген үміттемін»,- деді Р. Проди журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып. Ол сондай-ақ, «операторға қойылып отырған шарт — бұл оперативтік сипаттағы ескерту, сондықтан да оны дұрыс түсінген жағдайда бірлескен жұмысты одан әрі жалғастыруға болады», деп атап өтті.

«Мен Қашағанға қатысты келіссөздердің нақты қашан аяқталатынын айта алмаймын, сондықтан да бұл мәселенің барлығы техниктердің қолында. Және де уақыт пен шарт қою мәселесі Қазақстанның қолында»,- деп атап көрсетті ол. «Менің пайымдауымша, президент Назарбаевтің қойып отырған талаптары өте орынды және де келешекте қандай да бір келісім табудың құралы болуы мүмкін»,- деп қосты ол.

«Біз (Италияның үкіметі — агенттік ескертп.), ENI өз тарапымыздан бұл шарттарды қабылдап, Қазақстанмен өте ұзақ және жемісті ынтымақтастығымызды одан әрі жалғастыруға дайынбыз»,- деп қорытындылады Италияның премьері.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті