Италияда полиция қызметкерлері мафияға қарсы операция барысында 20 млн еуроның мүлігін тәркіледі
Италиялық полиция сейсенбіде Римде және оның маңында мафияға қарсы арнайы операция өткізіп, оның барысында 20 млн еуроның мүлігін тәркіледі, деп хабарлады жергілікті БАҚ. |
Калабриялық мафия "Ндрангетаға" қарсы операция Италияның астанасында және қасында орналасқан Ардеа мен Формелло қалаларында болды.
Тергеушілер мафияға қатысы бар 18 компанияның қызметін тоқтатты, бір кафе, бір сұлулық салоны жабылды.
Тәркіленген мүлік ішінде Рим іргесіндегі 29 бөлмеден тұратын керемет вилла бар.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін