Италияның Салерно қаласында қазақстандық студент қыз қайтыс болды - БАҚ - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Италияның Салерно қаласында қазақстандық студент қыз қайтыс болды - БАҚ

Италияның Салерно қаласында қазақстандық студент қыз қайтыс болды - БАҚ

Отандасымыз оқыс оқиғадан көз жұмған.

  • 19 Қаңтар 2023
  • 8
Фото - Caravan.kz

Италияның Салерно қаласында қазақстандық студент қыз қайтыс болды, — деп хабарлайды Carvan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. 

Сайт мәліметінше, оқиға 17 қаңтарда болған. Салерно университетінің 27 жастағы докторанты көшеден өтіп бара жатқан. Сол кезде 20 жастағы жүргізуші тізгіндеп бара жатқан Peugeot 308 жүргізушісі оны жаяу жүргіншілер жолында қағып кеткен. Жол апаты Станислао Листа көшесінде, Джузеппе Верди опера театрының маңында болған.

L'Occhio di Salerno италиялық басылымының мәліметінше, 20 жастағы жүргізуші жігіт бірден тоқтап, қажет медициналық көмек көрсете бастаған. Алайда Қызыл крест пен Humanitas өкілдері қазақстандық студент қайтыс болғанын анықтаған. Жүргізуші жігіт ішімдік тестін тапсырған. Нәтижесі теріс болып шыққан. Жол апатын тергеумен полиция қызметкерлері айналысып жатыр.


Сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратқа қатысты әзірге пікір білдірмеді.

Соңғы жаңалықтар