Израиль президенті: Палестинамен тез арада татулық керек - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Израиль президенті: Палестинамен тез арада татулық керек

Израиль президенті: Палестинамен тез арада татулық керек

Израиль президенті Шимон Перес Израиль мен Палестина тез арада татуласуы қажет деп есептейді.

  • 28 Қараша 2013
  • 469
Фото - Caravan.kz

«Біз қақтығысты тоқтату екі мемлекет туралы, екі халық үшін екі мемлекет туралы мәмелені шешуге негізделуі тиіс екеніне келістік. Бейбітшілік жедел қажет және ол мүмкін», — деп ол Мехикоға сапармен барған кезде мәлімдеді.

«Біз жауласу үшін туған жоқпыз, біз басқа халыққа билік жүргізу үшін туған жоқпыз, біз басқаның жерін тартып алу үшін туған жоқпыз, біз бейбітшілік үшін тудық», — деп БАҚ президенттің мексикалық әріптесі Энрике Пеньян Ньетамен келіссөздерінен кейінгі мәлімдемесін келтірді.

Израиль мен Палестина арасындағы бейбіт келісім 2013 жылы шілдеде ұзақ үзілістен кейін қайта қалпына келді, алайда Израиль палестин жағы қарсы болып отырған Иордан өзенінің батыс жағалауына қоныс тұрғызу бағдарламасын жандандыруы салдарынан тежелген болатын.