«Яссауи ілімі» мектеп бағдарламасына енгізілмек - kaz.caravan.kz
  • $ 443.72
  • 482.28
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Яссауи ілімі» мектеп бағдарламасына енгізілмек

«Яссауи ілімі» мектеп бағдарламасына енгізілмек

Филология ғылымының докторы Досай Кенжетаев мектеп бағдарламасына "Яссауи ілімін" енгізетінін айтты.

  • 5 Сәуiр
  • 41
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ораз Әлімбековтің фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Филология ғылымының докторы Досай Кенжетаев:

Тәуелсіздік алғанымыздан кейінгі 30 жылдағы соңғы нәтижесі Яссауитануды қоғаммен етене байланыстыруға мүмкіндік алып отырмызды айтуға болады. Қоғаммен етене байланыстырудың негізгі көрсеткіші — ол мектеп. Мектепте Қожа Ахмет Яссауи туралы пән енгізіледі. Енді осы пәнді Яссауи бабамыздың тарихы, оның тілімізге, мәдениетімізге қатысты, ұлттық болмысызға қатысты негізгі құндылықтың күшеюлері орын алатын болады. Яғни, адамның кемелдікке қалай жетуі. Жалпы, Яссауи ілімі — хал ілім, яғни, адам туралы ілімі деп аталады. Сондықтан, біз жасөспірімдерімізге, мектеп оқушыларымызға жас ерекшеліктеріне қарай, 3-4-ші сыныптарға, 7-9-шы сыныптарға бермекшіміз. Арнайы Яссауи пәнін, бағдарламасын дайындамақшымыз, деді.

Ораз Әлімбеков осыған қатысты өз қарсылығын білдірді:

«SOS!!! «Ясауи ілімін» мектеп бағдарламасына енгізбек

Қазақ мектебі балаларға тәжірибе жасайтын лаборатория ма?

Мектеп жасындағы балалардың келешегіне балта шабатын дінкештердің бірін әшкерелесең, екіншісі басқа тұстан бас көтереді. Өткенде ҚМДБ-ның жер-жерде медресе ашып алып балалардың санасын ислами аңыз-әпсанамен улап жатқанын жазғанмын. Енді өздерін «ясауишілерміз» деп атайтын зікірші-сопылар зайырлы Қазақстан мектептеріне «Ясауитану» деген пән енгізіп, жеткіншектерден «кемел адам» дайындаймыз» деп қазақтың «құлағынан теуіп» жатыр. Араб-парсы идеологиясының Қазақстан атты Тәуелсіз елге жат екенін, біздің ұлттық ерекшелігімізді, салт-дәстүріміз пен саяси ұлы мұратымызды жоюға бағытталған экспансия екенін айтып әуре болмай, тура тартайын.

Құрметті ата-ана! Сіздер мектеп бағдарламасына «Ясауитану» пәнін енгізуді қолдайсыздар ма? Бұл сұраққа «иә» немесе «жоқ» деп жауап беру үшін Сайрамда туып, Түркістанды мекен еткен Ахмет есімді қожа миссионердің «Диуани хикмет» (Ақыл кітабы) және «Миратул-Құлуб» (Көңілдің айнасы) деген шығармасын оқып шығың. Мен бұл шығармаларды аударып-төңкеріп оқығам. Ахмет қожа Мұхаммед пайғамбарға деген сүйіспеншілігін сопыларға тән екіжүзділікпен мүлейімсіп жеткізеді. «Мұхаммед 63 жасында өліп қалды, менің де жер бетінде жүруге қақым жоқ, сондықтан қылуетке түсіп кеттім» деген тезисті өлең сөзбен шырмалап айтып, пытырлатып көпәріп жазып тастаған. Мұнда жасампаздық, өмірге деген құлшыныс жоқ, пессимизмге толы шығарма. «Диуани хикмет» пен «Көңілдің айнасына» елігіп кеткен адам тезірек о дүниеге кеткісі келеді. Тіпті оны суицидке итермелейтін шығарма деп танып тыйым салса, артық іс емес.

Ахмет қожа шығармасын орта ғасырдан қалған әдебиет ескерткіші ретінде ғана қарастырған жөн. Ол шығарманы әдебиет зерттеушілері мен тарихшылар ғана шұқшиып оқысын, ғылыми атақ алу үшін соларға керек шығар. Ал «Ясауи ілімі» оқушылар үшін құндылық емес, «Диуани хикметтің» көк тиындық пайдасы жоқ. Буыны қатпаған баларға әлдебір діни идеологияны тықпалаудың не қажеті бар?! Ертең балаңыз Гарвард, Стэнфорд, Оксфорд… университетінен мамандық алу үшін оқуға түсер кезде «Ахмет қожаның «Ақыл кітабын» оқыдың ба?» деп сұрамайды. Одан да балалар математиканы, физиканы, химияны, жағырапияны, тілді, ІТ-ті, биологияны, музыканы, сурет өнерін оқысын, денсаулығын мықтап спортпен шұғылдансын. Міне, сонда кемел адам, өмірге бейім азамат болады. Бұл менің ойым. Ал Сіз, құрметті ата-ана! Балаңыздың қылуетке түсіп кеткенін қалайсыз ба?», деп жазды.

Соңғы жаңалықтар