Соның салдарынан бір адам қайтыс болып, он бес шақты адам жараланды, деп журналистерге ауған ІІМ басшысының міндетін атқарушы Мұхаммед Аюб Саланги мәлімдеді.
Оның айтуынша, шабуыл елдегі ең ежелгі және ең белді орта мектептердің бірі Esteqlal мектебіне жасалған.
Террористің жасы 16 шамасында.
Жарылыс кезінде француз мәдени орталығы мектепте музыкалық шара өткізіп жатқан.
Теракт салдарынан Германия азаматы құрбан болған. Жараланғандардың қай елдің азаматы екені әзірше мәлімделмеді.