«Қала келбетінің қырлары» – Астана тарихын баяндайтын өнер - kaz.caravan.kz
  • $ 486.47
  • 554.77
+36 °C
Алматы
2026 Жыл
29 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қала келбетінің қырлары» – Астана тарихын баяндайтын өнер

«Қала келбетінің қырлары» – Астана тарихын баяндайтын өнер

Астанадағы Тұңғыш Президент музейінде «Қала келбетінің қырлары» атты бірегей арт-жоба таныстырылды. Фото: fnn.kz Фото: fnn.kz Фото

  • 29 Маусым
  • 2
Фото: fnn.kz

Астанадағы Тұңғыш Президент музейінде «Қала келбетінің қырлары» атты бірегей арт-жоба таныстырылды.

Фото: fnn.kz
Фото: fnn.kz
Фото: fnn.kz

Жоба елордаға деген ерекше көркем көзқарасты паш ететін деректі өнер туындысы. Ол қаланың жылдар бойғы өзгерісін, тарихи маңызды оқиғаларын, күнделікті тыныс-тіршілігін және өзіндік болмысын бейнелейтін көрмелерді біріктіреді. Арт-жоба аясында «Астана – Тәуелсіздіктің символы» жаңартылған экспозициясы, фототілші Шүкір Шахайдың «Объективтегі қала» фотокөрмесі және суретші Бақытнұр Бүрдесбековтің «Кенептегі қала» атты көрмесі ұсынылған.

Фото: fnn.kz
Фото: fnn.kz
Фото: fnn.kz

Арт-жобаның ашылу салтанатында қонақтарға NOMAD хореография академиясының көркем бағдарламасы ұсынылды. Би, пластика және музыка тілі арқылы көрермендерге елорданың кең дала төсіндегі мекеннен тәуелсіз Қазақстанның заманауи орталығына дейінгі даму жолы әсерлі түрде баяндалды.

Фото: fnn.kz
Фото: fnn.kz
Фото: fnn.kz

Ұсынылып отырған арт-жоба – бейнелеу өнері, көркем фотография және сахналық қойылымды тоғыстырған кешенді мәдени-көркем жоба. Ол Астананы жадының, жасампаздықтың және мәдени әралуандықтың кеңістігі ретінде танытып, Қазақстанның заманауи елордасының келбетін жаңа қырынан ашады.

Фото: fnn.kz
Фото: fnn.kz
Фото: fnn.kz

Елорда тұрғындары мен қала қонақтарын көрмемен танысуға шақырамыз!

Фото: fnn.kz
Фото: fnn.kz
Фото: fnn.kz

Мекенжайы: Астана қаласы, Бөкейхан көшесі, 1, Тұңғыш Президент музейі.

Музейге бару үшін алдын ала жазылу қажет: +7 702 258 6608.

Фото: fnn.kz
Фото: fnn.kz
Фото: fnn.kz