Калачи ауылындағы «ұйқы ауруына» қатысты жасалған сараптамалар ол жерден еш залал таппады - ҚР ДСМ - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
6 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Калачи ауылындағы «ұйқы ауруына» қатысты жасалған сараптамалар ол жерден еш залал таппады - ҚР ДСМ

Калачи ауылындағы «ұйқы ауруына» қатысты жасалған сараптамалар ол жерден еш залал таппады - ҚР ДСМ

Ақмола облысы Калачи ауылындағы «ұйқы ауруына» қатысты құрылған арнайы комиссия өз жұмысын жалғастыра бермек, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне

  • 12 Наурыз 2014
  • 410
Фото - Caravan.kz

«Калачи ауылында комиссияның жұмысы барысында шамамен 500 рет ауа құрамы, 760 рет радиациялық фон өлшемдері сараптамадан өткізілді, тамақ, су және адам ағзасына әсер ететін қоршаған ортаның өзге де факторлары тексерілді. Сонымен қатар биологиялық материалдардың (тырнақ, шаш) 29 үлгісі зерттелді. Барлық көрсеткіштер қалыпты деңгейден аспағандығын көрсетті», — делінген хабарламада.

Ведомство мәлім еткеніндей, 680 тұрғыны бар Калачи ауылында 2013 жылы наурызда алғаш рет тіркелген оқиғалардан кейін, министрлік бұл жағдайды толық бақылауда ұстауда.


Осы уақытқа дейін 33 адам осы ауру белгілері бойынша ауруханаға хабарласқан.

«Аталмыш белгілер өткінші сипат алады. 2-3 күннен кейін олар жоғалады, пациенттер өздерін жақсы сезінеді», — деп хабарлайды аталмыш министрлік қызметкерлері.