Калачидағы ұйқы ауруының себебіне қатысты мәлімдеме жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Калачидағы ұйқы ауруының себебіне қатысты мәлімдеме жасалды

Калачидағы ұйқы ауруының себебіне қатысты мәлімдеме жасалды

Ұлттық ядролық орталықтың Радиациялық қауіпсіздік және экология институты ғалымдары Қалачи ауылындағы «ұйқы ауруының» құпиясын ашуға күш салып жатыр.

  • 20 Қаңтар 2015
  • 476
Фото - Caravan.kz


«Қазір бұл жұмбақтың шешуін табуға 15 шақты маман күш салып жатыр. Оның 4-5-еуі сол ауылда тұрып, зерттеу жүргізіп жатыр. Топырақтан, ауадан сынама алып, зерттеу нәтижелерін институтқа жіберіп отырады», — деп Радиациялық қауіпсіздік және экология институтының директоры Сергей Лукашенко мәлім етті.
Оның айтуынша, «ұйықтап кеткен» адамдардың үйлеріне барып, сол жерден сынама алады. Олардың айтуларынша, аталған үйлердегі тұншықтырғыш улы газ мөлшері бірнеше есе басым.
«Қазақстанда иісті газ концентрациясы бір текше метрге 5 миллиграм шамасында болуы тиіс. Сырқатқа ұшыраған адамдардың үйлерінде бұл көрсеткіш он есе басым болып шықты. Бұған күмәнданбай болмайды.  Бұлай болмауы тиіс. Бұдан арғысын мамандар айтады», — деді С.Лукашенко.