Калачиге барған Сапарбаевты халық сұрақтың астына алды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Калачиге барған Сапарбаевты халық сұрақтың астына алды

Калачиге барған Сапарбаевты халық сұрақтың астына алды

Назарбаевтың сынынан соң Бердібек Сапарбаев әлемге  «ұйқы ауруымен» танымал болған Калачиге  келді.  Вице-премьер шынайы ахуалмен танысып уәдесін де үйіп төкті.

  • 26 Маусым 2015
  • 329
Фото - Caravan.kz

Бұл үлкенін де, кішісін де жаппай ұйқы қысып есінен танған ауылға Үкіметтен ат басын бұрған бірінші лауазымды шенеунік. Сондықтан белгісіз дерттен әбден діңкелеген жұрт шағымын қарша боратты. Сөзге жүйрік Сапарбаев та мүдірген жоқ. Вице-премьер жұртқа болашағы жоқ Калачи мен Красногорсктен дереу көшуге кеңес берді. Осы екі елді-мекен тұрғындары үшін қазір Есіл қаласында жаңа баспаналар салынуда. Ол үшін бюджеттен 2 миллиард бөлінген болатын. Сапарбаев ол үйлерді жекешелендіріп беруге уәде етті. Айта кетейік, екі жыл өтсе де ұйқы дертінің себебі әлі анықталған жоқ. Калачиліктер кеселдің өршуіне ашық қалған бұрынғы уран шахталары себеп деген пікірде. Зерттеу жұмыстарына 379 миллион теңге бөлініп, қазір онымен Чехия, Ресей мен Орта Азиядан келген ғалымдар айналысып жатыр.