Калачилік дәрігердің отбасы Щучье қаласына көшірілді - Ақмола облысы - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Калачилік дәрігердің отбасы Щучье қаласына көшірілді - Ақмола облысы

Калачилік дәрігердің отбасы Щучье қаласына көшірілді - Ақмола облысы

Калачи ауылынан Щучье қаласына бір отбасы қоныс аударды.

  • 3 Ақпан 2015
  • 226
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Бұл жолы көшіп келген Протасовтар отбасы болып отыр. "Ұйқы аруын" көзбен көріп, куә болған адамдардың бірі Татьяна Протасова "ұйқылы" Калачи ауылындағы фельдшерлік амбулаториялық пунктінде дәрігер болып қызмет істеген.  Қазіргі кезде ол балаларымен бірге Щучье қаласына көшіріліп, Бурабай аудандық ауруханасына терапевт дәрігер ретінде жұмысқа орналастырылды.

Аудан әкімдігі оны екі бөлмелі пәтермен қамтамасыз етті. Кеше осынау ауданға сапары барысында облыс әкімі Сергей Кулагин дәрігер Татьяна Адольфовнаның пәтерінде болып, жаңа қонысымен құттықтады.

Кездесуде Татьяна Протасова аты шулы Калачи ауылынан көшуге көмек қолын созған облыс басшылығына алғысын білдірді. Оның айтуынша, балалардың денсаулығы бірінші кезекте. Сондықтан бұл ауылдан көшіп кету отбасы үшін маңызды қадам болып отыр.