"Кальмар ойыны" сериалы не туралы? - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Кальмар ойыны" сериалы не туралы?

"Кальмар ойыны" сериалы не туралы?

Кореялық "Кальмар ойыны" сериалы бүкіл әлемді жаулап алды десек қателеспеймін.

  • 15 Қазан 2021
  • 583
Фото - Caravan.kz

Әлеуметтік желіні шулатқан бұл сериал не туралы? Мақсаты қандай?

Бұл сұрақтарға Caravan.kz медиа порталының тілшісі жауап беретін болады.

Бұл сериал қарызға белшесінен батқан жандардың қауіпті ойынға қатысатыны туралы. Сериалда 6 ойын беріледі, 6 ойынның барлығынан сәтті өткен қатысушы жеңімпаз атанып, миллиардтан астам ақшаға ие болады.

Сериалдың басында қатысушылар ойыннан шықса немесе жеңілсе өлетіндерін білмейді.

Басында 456 қатысушы қатысып, соңында бір ғана қатысушы қалып, ол жеңіске жетеді.

ТЫНЫШ ЖҮРСЕҢ — ҰЗАҚ ЖҮРЕСІҢ

Ең алғашқы ойында қатысушылар үлкен қуыршақты көреді. Диктор ойынның ережесін түсіндіреді. Қуыршақ "Тыныш жүрсең — ұзақ жүресің", — деп сөйлейді, сол сәтте қатысушылар жүреді, ал қуыршақ тоқтаған кезде қатысушылар мүлдем қозғалмай тұру керек. Егер қатысушы қозғалып қалса, ойыннан шығады, яғни өледі. 

Осылай "Кальмар ойыны" сериалында ойындар қыза түсіп, ойыншылар бірінен соң бірі ойыннан шығады.


Қарсыласынан алданып қалған — Әли

"Кальмар ойыны" дорамасында көпшіліктің көңілінен шыққан, әділетсіз шығып қалды деп қабылдаған қатысушы ол — Әли. Пәкістаннан келген жігіт ойындардың бірінде, 218-ші ойыншы, Чо Сан Вуға алданып қалып, кейін өліп қалады.

Сериалды көрген көпшілігі ең әділетсіз шығып қалған Әли деген пікір қалдырды.

СЕРИАЛ НЕМЕН АЯҚТАЛАДЫ?

Сериалдың соңында 218-ші ойыншы, Чо Сан Ву өзіне қол салып қайтыс болады, 456-ойыншы Ки Хун жеңіске жетеді. Дегенмен ол алған ақшаны пайдаланбайды, ештеңемен айналыспайды.

Сериалдың соңында оған шет елге кетуді сұрайды ойын жүргізушісі, бірақ оған қарамастан қатысушы шет елге кетпеуге шешім қабылдайды. Бұл "Кальмар ойыны" сериалының екінші маусымы болады дегенге түсірілім тобы меңзеген секілді.

Соңғы жаңалықтар