Жарияланды: 470

«Камаз» жүргізушісі қойларды иесімен қоса жайпап өткен

Қарағанды облысында «Камаз» көлігі бір әйелді айдауындағы тоғыз қойымен бірге қағып өлтірді.

Марқұм таңсәріде малын өріске қоспақ боп шығыпты. Жантүршігерлік апат тағы да  Алматы-Екатеринбург   тас жолында орын алды. Қатты жылдамдықпен келген «Камаздың» жүргізушісі қойларды иесімен қоса жайпап өткен. 39 жастағы әйел де оқиға орнында есін жимаған күйі мерт болды. Қазір   аталмыш  дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жаңатай Сембеков, Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі:

 - Иесі малына қарап, автокөлік жолдарынан алыстау жерде жайғаны дұрыс қой. Олардың да бұған назар аударғаны дұрыс. Және тиісті мекен-жайдан өткен кезде автокөлік жүргізушілері  жылдамдықты асырмайназарын аударып отырса, мұндай қайғылы оқиғалар болмас еді.

Ал Жамбыл облысында болған жол апатынан 4 адам қаза болды. Қалаларлық тас жолдың бойында “Мерседес” көлігі мен екі қабатты жолаушылар автобусы соқтығысып қалған. Жеңіл көліктің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Ал ауруханаға барар жолда автобустың бір жолаушысы жан тапсырған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін