Кәмелеттік жасқа толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түскен жігіт 10 жылға сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кәмелеттік жасқа толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түскен жігіт 10 жылға сотталды

Кәмелеттік жасқа толмаған қызбен жыныстық қатынасқа түскен жігіт 10 жылға сотталды

Қостанайда 13 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түскен 19 жастағы жігіттің ісіне қатысты үкім шықты. Естіген жанның жағасын ұстататын қы

  • 14 Шiлде 2017
  • 626
Фото - Caravan.kz

Қостанайда 13 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түскен 19 жастағы жігіттің ісіне қатысты үкім шықты. Естіген жанның жағасын ұстататын қылмыстық іс облыстық мамандандырылған ауданаралық сотта қаралып, күдікті 10 жылға сотталды, деп хабарлайды Baq.kz агеттігінің Қостанай өңіріндегі тілшісі.

«Сотталған жігіт 13 жастағы қызбен бірнеше рет кездескен. Олардың арасында жыныстық қатынас болғаны толығымен дәлелденді. Сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын қалалық ІІБ тергеушілері жүргізді», – дейді облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

Жасыратыны жоқ қазір қоғамда жастар арасында осындай өрескел қылықтардың өршіп тұрғаны көңіл қынжылтады. Біржағы сезімге беріліп, өз істеріне есеп бермейтін жастар тағдырларына балта шауып жатқанын сол кезде аңғарды ма екен?

«Сот отырысы барысында сотталушыға ҚР ҚК «16 жасқа толмаған тұлғамен бірнеше рет жыныстық қатынысқа түсу» бабы бойынша айып тағылды. Кәмелеттік жасқа толмай осындай сорақылықты бастан өткізген жасөспірімнің жан-дүниесі де күйзеліске ұшырайды. Оның үстіне бұл әркет бірнеше рет қайталанып тұр. Бұл өте ауыр қылмыстардың қатарына жатады. Сондықтан да оған қатал жаза қарастырылған. Сотта 19 жастағы Қостанай қаласының тұрғыны жасаған әрекеті үшін айыпты деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады», – дейді облыстық прокуратураның басқарма бастығы Қайрат Жүсіпов.


Сондай-ақ, сотталушыға өмір бойы ұзтаздық және балалар тәрбиесіне қатысты қызметтер атқаруға тыйым салынды.

Соңғы жаңалықтар