Канн фестивалі қазылар алқасының мүшелері белгілі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 476.07
  • 541.86
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Канн фестивалі қазылар алқасының мүшелері белгілі болды

Канн фестивалі қазылар алқасының мүшелері белгілі болды

Канн фестивалінің ұйымдастырушылары ресми сайттарында қазылар алқасының жаңа мүшелерінің есімдерін жариялады.

  • 25 Сәуiр 2013
  • 346
Фото - Caravan.kz

2013 жылы оның төрағасы ретінде режиссер Стивен Спилберг сайланды. Оның құрамына австралиялық-америкалық киножұлдыз Николь Кидман, «Пидің өмірі» және «Бүкір тау» туындыларының режиссері Энг Ли, Квентин Тарантиноның соңғы екі киносында кейіпкерлерді сомдап, «Оскар» сыйлығын иемденген неміс әртісі Кристофер Вальц бар.

Сондай-ақ, 2007 жылы «4 ай, 3 апта және 2 күн» фильмі үшін Канн фестивалінде «Алтын пальма бұтағы» жүлдесін жеңіп алған румындық режиссер Кристиан Мунджиу да еніп отыр.