Жарияланды: 450

Карачидегі ақпарат агенттігі қате ақпарат таратқаны үшін қазақстандық дипломаттардан кешірім сұрады

Карачидегі «Online» ақпарат агенттігі алкоголь контрабандасы туралы жалған мәліметтер таратқаны үшін қазақстандық дипломаттардан кешірім сұрады, делінген onlinenews.com.pk сайтындағы ақпаратта.

«Қазақстан елшілігі қызметкерлерінің Исламабадқа спиртті ішімдіктердің контрабандасына қатысы жоқ. «Online» ақпарат агенттігінің Карачидегі бөлімінің спиртті ішімдіктерді заңсыз әкелу туралы мақаласында Қазақстан қате аталған», - делінген «Online Internationale News Network» АА-ның жұма күнгі ақпаратында. Ал ҚР сыртқы істер министрлігіндегі ақпаратқа қанық дереккөздің айтуынша, шетелдік журналистер «-стан» деген қосымшасы бар елдердің атауларын жиі шатастыратын көрінеді. «Бұл жерде адами фактордың қатысы бар екені түсінікті, жай ғана саяси сауатсыздық қана», - деп мәлім етті дереккөз жұма күні агенттікке телефон арқылы. «Online» агенттігі жіберген қателігіне өкініп, Қазақстан елшілігінен кешірім сұрайды және бұл мақала Қазақстан мен Пәкістанның арасындағы екіжақты қарым-қатынастарға кері әсерін тигізбейді деп үміттенеді», - делінген АА-ның хабарламасында. Ақпарат агенттігінің сайтындағы хабарламада айтылғандай, мақалада Тәжікстан аталған көрінеді, бұл елдің «елшілік қызметкерлерінің аталған фактілерге қатысты болуы мүмкін».

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін