Карантин кезінде жасөспірімдерге қатысты зорлау фактілері 19%-ға артқан - ІІМ - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Карантин кезінде жасөспірімдерге қатысты зорлау фактілері 19%-ға артқан - ІІМ

Карантин кезінде жасөспірімдерге қатысты зорлау фактілері 19%-ға артқан - ІІМ

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев карантин басталғалы ішімдік ішу мен жасөспірімдерді зорлау фактісі көбейгенін мәлім етті.

  • 4 Қараша 2020
  • 263
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq ruhy-на сілтеме жасап хабарлайды.

«Карантин кезінде үйде отырып, алкогольдік ішімдік пайдалану фактілері көбейді. Соның салдарынан адам өлтіру 12%-ға, жасөспірімдерге қатысты зорлау фактілері 19%-ға артқан. Көп жағдайда жәбірленушінің жақын танысы немесе туысы тарапынан зорланғаны анықталып отыр. Олар — әкесі, көршісі, өгей әкесі немесе танысы. Мұндай фактілер әрбір отбасы үшін үлкен трагедия, баланың тағдырын сындыру. Жағдайды дұрыстау үшін профилактикалық шаралар күшейіп, есепте тұрған азаматтармен жұмыс жүргізілді. Отбасын қорғау үшін учаскелік инспекторлар 61 мың қорғау нұсқамасын шығарды», — деді министр брифингте.


Айта кететіні, жыл басынан бері 16 қылмыстық топтың көшбасшылары мен 130 қатысушы қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Шамамен 150 қару мен 960 оқ-дәрі тәркіленген.

Соңғы жаңалықтар