Жарияланды: 40

Карантинде мейрамханада жүрген судья: Қарағанды облыстық соты видеоға түсінік берді

Карантинде мейрамханада жүрген судья: Қарағанды облыстық соты видеоға түсінік берді

Қарағанды облыстық соты карантин кезінде мейрамханада жүрген судья Естай Исабековтың видеосына қатысты түсінік берді.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Қарағанды облыстық сотының судьясы Естай Исабековтің БАҚ пен әлеуметтік желілерде тараған видеосына қатысты қызметтік тексеру жүргізілгенін хабарлаймыз. Тексеру материалдары Қарағанды облысы бойынша Судьялар одағы филиалының Судья әдебі жөніндегі комиссиясына жіберілді, ол қазір қарауда. Қабылданған шаралар туралы қосымша хабарланады", - деді Қарағанды облысы сотындағылар.

Ресми деректерге сәйкес, судья Естай Исабеков 1978 жылы туған. Бұрын ол прокуратурада жұмыс істеген. Карьерасын 2009 жылы Теміртау қалалық сотында бастаған. Қазіргі уақытта Қарағанды облыстық сотының судьясы.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін