Кәрім Мәсімов Ахметовтың командасын түгел орнында қалдырды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кәрім Мәсімов Ахметовтың командасын түгел орнында қалдырды

Кәрім Мәсімов Ахметовтың командасын түгел орнында қалдырды

Ескі де, жаңа Үкімет! Бүгін таққа қайта отырған премьер Кәрім Мәсімов министрлер кабинетінің мүшелерін уақытты көпке созбай шұғыл жасақтап алды. Құрам қайта бекітілді дегені болмаса министрлердің барлығы өз орнында қалды.

  • 5 Сәуiр 2014
  • 363
Фото - Caravan.kz


Осымен екінші  рет  Премьердің үйреншікті  креслосына жайғасқан Мәсімов бүгін Үкіметтің  алғашқы жиынын да  өткізіп үлгерді. Алғашқы  басқосуға Министрлер кабинетінің ескі құрамы сол күйде келді. Және сол күйінде, барлығы орынтақтарын сақтап қалды. Ал  түсніксіз жағдайда өз еркімен отставкаға кеткен  экс-премьер Серік Ахметов енді, Үкімет отырысына Қорғаныс министрі ретінде қатысатын болады.