Жарияланды: 350

Кәрім Мәсімов Грузияның Батуми айлағы арқылы өтетін Қазақстан мұнайының ағымын ішкі нарыққа бағыттауды ұсынды

Кәрім Мәсімов Грузияның Батуми айлағы арқылы өтетін Қазақстан мұнайының ағымын ішкі нарыққа бағыттауды ұсынды

Астана. 11 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Грузияның Батуми айлағы арқылы өтетін Қазақстан мұнайының ағымын ішкі нарыққа бағыттауды ұсынды. Ол бүгін өткен үкіметтің селекторлық жиынында осындай ұсыныс жасады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Осы ағынды ішкі тұтынымға бағыттайық, мәселені энергетика министрлігімен бірлесе дәйектеңіздер", - деді Кәрім Мәсімов "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ президенті Серік Бүркітбаевқа қаратып айтқан сөзінде. Осы айлақтан мұнай экспорттала ма деген журналистер сауалына С.Бүркітбаев "ағымдағы күндерде экспортталып жатқан жоқ" деп жауап берді. Оның айтуынша, "орта есеппен жыл бойынша миллион тоннаға дейінгі көлем жайлы сөз болып отыр". Жиын барысында "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ президенті Серік Бүркітбаев оперативтік мәліметтер бойынша "бүгін таңертеңгі жағдаймен Батуми айлағы мен Қазақстанның иелігіндегі мұнай терминалына қатысты ешбір қастандық әрекеті жасалмағанын" хабарлады. "Біздегі жағдай Поти мен басқа айлақтағылармен салыстырғанда мүлдем басқаша", - деді ол. Сонымен бірге, С.Бүркітбаевтың айтуынша, бүгіннен бастап "әскери әкімшіліктің тапсырмасымен айлақ акваториясынан барлық кемелер мен танкерлер шығарылды". "Бүгін таңертеңге дейін біз рейдте бір танкерге мұнай құйып жатқанбыз. Бірақ қазір барлық танкерлер шығарылды, біз енді сақтауға кірістік",- деді ол. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть