«Жер қойнауын пайдалану саласындағы барлық кеніштер бойынша мемлекет басшысының тапсырмасын орындау бағытында келісім-шарттағы міндеттемелер орындалмаған барлық уағдаластықтарды бұзып, кеніштерді мемлекеттің иелігіне қайтарып, оларды, президенттің айқанындай, «Самұрық» компаниялары мен ӘӘК арасына таратып беру керек», — деді Кәрім Мәсімов.
Еліміздің энергетика және минералды ресурстар министрі Сауат Мыңбаевтың айтуынша, 2007 жылы Қазақстанда 831 нысан бойынша мониторинг жүргізілген : небәрі 454 келісім-шарты бойынша қаржылық міндеттемелер 100% орындалса, 97 келісім-шарты бойынша 30% кем орындалған. «Бұл 97 келісім-шарты бүгінде бұзылды. Тағы 182-де келісім-шарты міндеттемелері мен лицензиялық шарттардың бұзылғандығы жөнінде хабарландыру жіберілді», — деді министр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті