Жарияланды: 410

Кәрім Мәсімов ҚР Дін істері жөніндегі агенттік ұжымына жаңа басшыны таныстырды

Кәрім Мәсімов ҚР Дін істері жөніндегі агенттік ұжымына жаңа басшыны таныстырды

Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов ҚР Дін істері жөніндегі агенттік ұжымына жаңа басшыны таныстырды. Мемлекет басшысының Жарлығымен аталған агенттіктің құрылғандығын айта келе, Премьер-министр: «Бүгін мен Қайрат Лама Шариф Қайырбекұлын ҚР Дін істері жөніндегі агенттіктің төрағалығына тағайындау туралы қаулыға қол қойдым», - деді.

Сондай-ақ дін өте нәзік мәселе екендігін баса айтқан Үкімет басшысының пайымынша, мемлекет дінмен байланысты мәселелерде халықтық қозғалыстармен алдын ала келісуі үшін жауапты саясат жүргізуі керек. Өз кезегінде зор сенім артып отырған Үкіметке алғысын білдірген Қайрат Лама Шариф: «Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы аясында осындай шешім қабылдау, дін істері жөніндегі агенттік құру өте жауапты әрі маңызды іс. Сондықтан сіздермен бірге алға қойылған міндеттерді орындаймыз деген сенім білдіргім келеді», - деді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін