Кәрім Мәсімов Қырғызстан Үкіметінің басшысы Жоомарт Оторбаевпен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Кәрім Мәсімов Қырғызстан Үкіметінің басшысы Жоомарт Оторбаевпен кездесті

Кәрім Мәсімов Қырғызстан Үкіметінің басшысы Жоомарт Оторбаевпен кездесті

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Қырғызстанның Премьер-Министрі Жоомарт Оторбаевпен кездесті. Бұл туралы primeminister.kz порталында хабарланды.

  • 4 Мамыр 2014
  • 456
Фото - Caravan.kz

Кездесу барысында сауда-экономикалық сферадағы екі жақты өзара іс-қимылдың қазіргі жайы мен перспективалары қаралды. Атап айтқанда, тараптар Қазақстан мен Қырғызстанның энергетикалық сала, агроөнеркәсіптік кешен, қаржы-инвестициялық сфера сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Кездесу қортындысы бойынша Үкімет басшылары іскерлік әріптестікті кеңейту үшін екі елдің үлкен перспективасы бар екенін атай отырып, екіжақты қарым-қатынасты одан әрі тереңдете түсу қажеттігіне тоқталды.